Бас көлік прокуратурасының наразылығымен кәсіпкерлердің мемлекеттік мүлікті жалға алуы кезінде артық әкімшілік талаптарды қамтитын нормативтік-құқықтық актінің қолданылуы тоқтатылды.
Атап айтқанда, Мемлекеттік мүлікті жалдауға беру қағидаларында жалға алушы үлгілік шартқа сәйкес үй-жайлар мен алаңдарды қосалқы жалға беру кезінде мемлекеттік мүлікті баланста ұстаушының келісімін міндетті түрде алу туралы қосымша талаптар жүктелген.
Аталған талап Азаматтық кодекске қайшы келеді, кодекске сәйкес жалға берушінің келісімі ғана жеткілікті (ҚР Азаматтық кодексінің 551-бабы).
Прокуратура органдарының ықпалының нәтижесінде Ұлттық экономика министрлігі НҚА-ның жоғарыда аталған талаптарының қолданылуын тоқтатты. Артық әкімшілік талаптарды жою үшін түзетулердің тиісті жобалары әзірленді.
Өзгерістер рәсімдерді жеңілдетуге, келісу мерзімдерін қысқартуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Заңбәрінеортақ
Бас көлік прокуратурасы