Кеден саласы Қазақстанның экономикалық тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі жүйенің бірі болып табылады. Осыған байланысты аталған саладағы заңнаманың сақталуын қадағалау көлік прокуратурасы жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Жүргізілген талдау Қазақстан-Қытай шекарасында электронды кезектің жұмысында кемшіліктерді көрсетті. Осылайша, «CarGoRuqsat» платформасы АКҚ тіркеместен кезекті формалды брондауға мүмкіндік берген, бұл бос слоттардың жетіспеушілігіне және көлеңкелі нарыққа әкеліп соқты.
Прокуратураның араласуынан кейін кезекті брондаудың қулық әдісі жойылып, жағдай жақсарды, бұл шекарадан өту процесін ашық және қолжетімді етті.
Сонымен қатар, «Қорғас» кеден бекетінде бақылау процедурасы қайта қаралды және адам факторының әсерін барынша азайтатын «КеденШЫХО» жүйесі енгізілді.
Шекараны бақылауды жақсарту бойынша жұмыс жалғасуда, прокуратура жағдайды жақсарту үшін азаматтар мен бизнесті белсенді қатысуға шақырады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Заңбәрінеортақ
Бас көлік прокуратурасы