
Көлік прокуратурасының басшылығы ИКАО (Халықаралық азаматтық авиация ұйымы) Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының директоры Николас Ралломен кездесу өткізді. Күн тәртібінің тақырыбы прокуратура мен ИКАО арасындағы ынтымақтастық қағидаттары болды.
Тараптар одан әрі өзара іс-қимылдың маңыздылығын, оның ішінде әуе апаттарын тергеу және Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін арттыру үшін халықаралық стандарттарды пайдалану перспективаларын атап өтті.
Кездесу соңында Николас Ралло тәжірибе алмасу және серіктестікті нығайту мақсатында көлік прокуратурасының өкілдерін Парижге ресми сапармен келуге шақырды.
Бас көлік прокуратурасы