Соңғы жылдары Қазақстанда контрабандаға қарсы күрестің өзектілігі арта түсуде, бұған Алматы әуежайындағы кедендік бақылау кезінде анықталған жағдайлар дәлел.
Мысалы, пошталық сәлемдемелердің бірінен АҚШ-тан ойыншық түрінде жалған құжаттармен гауһар тастары бар зергерлік бұйымдар табылды. Көлік прокуратурасының талап- арызы бойынша Түрксіб аудандық соты тәркіленген жалпы құны 60 млн теңгені құрайтын зергерлік бұйымдарды мемлекет меншігіне өткізді.
Алматы көлік прокуратурасының тағы бір талап-арызы бойынша сот Түркиядан геотекстиль атын жамылып келген жалпы құны 48 млн теңгеден асатын тауарларды мемлекет кірісіне айналдырды.
Контрабанданы анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда.
Бас көлік прокуратурасы