Бас көлік прокуроры инвесторлармен кездесті

Бас көлік прокуроры инвесторлармен кездесті

Алматы қаласында Бас көлік прокуроры Тимур Сүлейменов республиканың көлік инфрақұрылымына инвестиция салатын шетелдік және отандық кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Іс-шараның күн тәртібі-бизнесті қорғау және инвестицияларды қолдау.

Кездесуге TAVAirportsHolding (Түркия), KLVINSAAT (Түркия), Sarens (Бельгия), «Глобалинк» Транспортэйшн энд Лоджистикс Вордвайд» ЖСШ (Қазақстан) және т.б. инвесторлар қатысты.

Жоғары қадағалау органының өкілдері кәсіпкерлерді Президентінің (08.05.2024 жылғы №542) жарлығымен прокуратура органдарына жүктелген инвестициялық жобаларды қолдаудың жаңа тәсілімен таныстырды.

Кәсіпкерлерді құқықтық қорғауды қамтамасыз ете отырып, прокуратура қолайлы инвестициялық ахуал жасауға мемлекеттің мүдделілігін ұсынады.

Осы мақсатта заң бұзушылықтарды тиімдірек анықтау және оларға ден қою үшін сенім телефондары, жедел қызметкерлердің мобильді топтары және басқа да қадағалау тетіктері құрылды. Айта кетсек, ағымдағы жылдың 8 айында мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттері туралы келіп түскен 118 өтініштің 85-і расталды.

Көлік прокуратурасының құзырында жалпы сомасы 2 трлн теңгеге жуық 40-тан астам инвестициялық жоба бар. Осы жобалардың бірқатары оларды жүзеге асыруды ұйымдастырушылық жағынан қиындатқан проблемалық мәселелерді шешу үшін прокуратураның араласуы қажет болды.

Қорғаудың ең тиімді әдісі «прокурорлық сүзгі» болды, кәсіпкерлерді шектен тыс әкімшілік-құқықтық санкциялардан қорғауға айналды (мемлекеттік органдардың шектеуші шешімдері прокуратурамен келіскеннен кейін ғана қабылданады).

Мәселен, «KLV INSAAT ANONIM SIRKETI» АҚ филиалының директоры Серкан Қаплан уәкілетті органдар арасындағы  ұйымдастырушылық келіспеушілік себебінен «Ұзынағаш-Отар» автожолының құрылысының мердігерлік жобасы іске асыру мерзімдерінен бұзу қаупіне ұшырағанын айтты. Прокуратура кедергілерді жойғанан кейін ғана компания жол құрылысын жалғастыра алды.

Халықаралық тасымалдау саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер де өзекті проблемалық мәселелерді көтерді.

Кездесу нәтижесінде республиканың көліктік транзиттік әлеуетін дамыту мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылатынын ескере отырып, Бас көлік прокурор кәсіпкерлер-инвесторлар айтқан барлық мәселелерді түпкілікті шешілгенге дейін арнайы бақылауға алды. 

Айта кету керек, шағын және орта бизнеске қатысты уәкілетті және бақылаушы органдардың іс-әрекеттерінің заңдылығының жай-күйі бұрынғыдай прокуратура қадағалауының басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өткен жөн (ағымдағы жылы 11 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлердің құқықтары қорғалған).

 

           Бас көлік прокуратурасы