Көлік прокуратурасы мен Қаржы мониторингі агенттігі есірткінің елге, оның ішінде пошта арқылы енуіне жол бермеу үшін алдын алу шараларын қабылдауда.
Нәтижесінде жедел іздестіру шаралары барысында «Жетісу» кеден бекетінде Таиландтан белгілі бір иісі бар сұйықтық бар пошта сәлемдемесі табылды.
Сарапшының қорытындысына сәйкес, сәлемдеме ішіндегі зат салмағы 29,25 грамм каннабис сығындысы (гашиш майы) – есірткі заты болып шықты және ірі мөлшер болып саналады.
Бұл сәлемдемені алғаннан кейін алушы ұсталып, сот оны екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу басқармасы жүргізеді.
Бас көлік прокуратурасы