Көлік прокуратурасы көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін алымдарды төлеудің негізсіз практикасына жол бермеді

Көлік прокуратурасы көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін алымдарды төлеудің негізсіз практикасына жол бермеді

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Салық кодексіндегі өзгерістерге сәйкес отандық халықаралық тасымалдаушылар үшін N3 санаттағы механикалық көлік құралдарын (ершікті тартқыштар) бастапқы мемлекеттік тіркегені үшін алымдар жойылған.

Алайда, прокуратураның талдауы көрсеткендей, 60-тан астам тасымалдаушы бұл алымдарды төлеуді жалғастырған, нәтижесінде 119 көлік құралы үшін бюджетке негізсіз шамамен 18 млн теңге түскен.

Бүгінгі күнде прокуратураның бастамасымен 7 кәсіпкерге 4,9 млн теңге қайтарылды.

Салық төлеушілер қаражатты қайтару үшін өз бетінше мемлекеттік кірістер органдарына өтінішпен жүгіну қажет.

Осыған байланысты, көлік прокуратурасы отандық тасымалдаушыларды артық төленген алымдарды қайтару үшін көлік құралдарын тіркеу орны бойынша салық органдарына жүгінуге шақырады. 

 

Бас көлік прокуратурасы