Прокуратурада көлік қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Прокуратурада көлік қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Бас көлік прокуратурасының (бұдан әрі - БКП) алқасында уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен теміржол, авиация және автокөліктер саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезіндегі заңдылықтың жай-күйі мәселелері қаралды.

Кездесу барысында еліміздің көлік инфрақұрылымын дамытудың ішкі және сыртқы әлеуметтік-экономикалық мәселелер үшін маңыздылығы, сондай-ақ азаматтардың көліктің барлық түрлерімен қауіпсіз жүру құқықтарын сақтауы атап өтілді.

Атап айтқанда, БКП талабы бойынша жергілікті атқарушы органдар ірі қалалардың аэродром маңындағы аумақтарындағы стихиялық полигондарды жойды. Осының арқасында 2023 жылы ұшақтардың құстармен соқтығысуы 60%-ға (65-тен 36-ға дейін) азайған.

Үкімет әуеайлақ маңындағы аумақтарда ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыру және тәртіпті қалпына келтіру бойынша Жол картасын бекітті.

Төтенше жағдайлар министрлігі алғаш рет нормативтік құқықтық акт түріндегі медициналық-құтқару пункттерін орналастыру және қайта орналастыру жөніндегі орындарды айқындау әдістемесін әзірледі және бекітілді.

Темір жол көлігі мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Осылайша, теміржол инфрақұрылымының тозуы көліктің бұл түріндегі оқиғалардың қоздырғыш факторына айналды. Ұлттық тасымалдаушының мұндай фактілерді жасыруы және ұнамсыз шешімдер қабылдауы жалпы жағдайдың бұрмалануына әкелді.

Өткен жылдың өзінде 60-тан астам жасырын оқиға анықталды.

Жобалық-сметалық құжаттамаға сараптаманың оң қорытындысынсыз ірі теміржол учаскелерінің құрылысы басталған фактілер де бар. Бүгінгі таңда прокуратураның қадағалау актісі бойынша құрылыс саласындағы заңнаманы бұзу фактілері жойылды.

Алқа қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар мен көлік инфрақұрылымы кәсіпорындарының басшыларына осы саладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тиімді шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар берілді.

Белгіленген мәселелер БКП-ның тұрақты бақылауында.

 

Бас көлік прокуратурасы