Көлік прокурорлары шетелдік инвестордың құқықтарын қорғады

Көлік прокурорлары шетелдік инвестордың құқықтарын қорғады

Осындай жобалардың бірі құрамында 300 мың тонна алтын бар концентратты қайта өңдейтін «Ертіс ГМК» зауытының («ЕГМК» ЖШС) құрылысы болып табылады.

Жоба инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулдың құрамында, оның құны 347 млрд теңгені құрайды.

Өз жобасын іске асыру барысында бизнесмен уақытша айлақ салу үшін жер учаскесін алу және ірі габаритті жүкті тасымалдауға рұқсат құжаттарын беру мәселесіне тап болды.

Бұл өз кезегінде жобаны іске асыру мерзімдерінің бұзылуына әкелуі мүмкін еді.

Фронт-офис жұмысы шеңберінде уәкілетті органдарды үйлестіру арқылы кәсіпкер субъектісі жер учаскесін және жүктерді тасымалдауға рұқсат құжаттарын уақтылы алды.

Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстары жалғасуда және прокуратура органдарының ерекше бақылауында.

Бас көлік прокуратура