«Bek Air» ұшағының апатқа ұшырауына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері аяқталды

«Bek Air» ұшағының апатқа ұшырауына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері аяқталды

Көліктегі полиция департаменті процесс прокурормен келісе отырып, Алматы әуежайында2019 жылдың 27 желтоқсанында орын алған «Fokker-100» «Bek Air» ұшағының апатқа ұшырауыфактісі туралы қылмыстық іс бойынша тергеуәрекеттерінің аяқталғанын хабарлады.

4 мыңнан астам тергеу әрекеттері (2000 тексеру, 1350 жауап алу, 250 алу), 150 сот-медициналық сараптама және арнайы зерттеулер жүргізілді.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде прокуратура Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бельгия, Германия, Люксембург, Нидерланды және т.б. шет мемлекеттерден халықаралық құқықтық көмек көрсету туралы өтініштерге іс үшін маңызы бар қажетті құқықтық-техникалық ақпарат алынды.

Қазіргі уақытта процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысып жатыр.

Бас көлік прокуратурасы