Қадағалау орган квазимемлекеттік субъектінің тендерлеріндегі сыбайлас жемқорлықты жойды

Қадағалау орган квазимемлекеттік субъектінің тендерлеріндегі сыбайлас жемқорлықты жойды

Бас көлік прокуратурасы «Бейнеу-Шымкент Газ Құбыры» ЖШС қызметінде сатып алу және бюджетті тиімсіз пайдалану саласында көптеген бұзушылықтарды анықтады.

Атап айтқанда, тендерлер тек қағаз және газет басылымдарында жарияланды, ал тендерлік өтінімдер жазбаша түрде тіркелді. Мемлекеттің қатысу үлесі бар кәсіпорын қызметкерлері қызметтерді/тауарларды сатып алу және олардыңтехникалық сипаттамаларын жұмсалатын қаражаттары бойынша нақты жеткізушігедайындаған.

Бұл жағдай бизнестің салауатты бәсекелестігін қалыптастыруға теріс әсер етті, сонымен қатар әлеуетті қызмет көрсетушілердің нарық сегментіне қол жеткізу құқығына нұқсан келтірді.

Мысалы, 2019 жылы тапсырыс берушіде тиісті адами ресурстың болуына қарамастан, 2020-2024 жылдарға арналған тарифтік смета және инвестициялық бағдарлама бойынша өтінімдерді қалыптастыру, ресімдеу, ұсыну және сүйемелдеу бойынша қызмет көрсетуге жалпы сомасы 133 млн теңгеден астам үшінші тарап үлестес компаниясымен негізсіз шарт жасалды.

Белгілі болғандай, жұмысты тендер жеңімпазына қатысы жоқ жалдамалы тұлғалар небары 1,5 млн теңгеге жүргізді, яғни жасалған заңсыз шарттан «маржыналдық» пайда шамамен 131 млн теңгені құрады.

Анықталған бұзушылықтар бойынша Бас көлік прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырды. Нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді. Кінәлі адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа, сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде «Qazaq Gaz» АҚ-на қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыну енгізілді.

Ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі мақсатында прокуратураның араласуынан кейін «Бейнеу-Шымкент Газ Құбыры» ЖШС сатып алуды өткізу процесі «Qazaqstan trading platform»порталы арқылы электрондық форматқа ауыстырылды (qaztp.kz). Бұл әлеуетті өнім берушілерге сатып алу процесіне қатысу кезінде тең жағдай беруге мүмкіндік береді.

Бас көлік прокуратурасы