
Қызылорда көлік прокуратурасымен «Инфракос» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының (бұдан әрі – РМК) мемлекеттік сатып алу кезінде бөлінген мемлекеттік қаражатқа немқұрайлы қарағандығы анықталды.
«KazakhinTrade» ЖШС РМК-дан монтаждалған жерүсті кабельдік желісін бөлшектеу кезінде пайда болатын кабельдік өнімнің қалдықтары болып табылатын қорғасын қабығын сатып алған.
Алайда сатып алушы сатушының шотына шарт бойынша белгіленген мерзімде толық төлем жүргізбеген. Дегенмен де РМК өз тарапынан заңмен көзделген реттерде міндеттерді және төленбеген қаражатты өндіруге бағытталған шараларды қабылдамаған. Осымен шектелмей жосықсыз сатып алушымен қосымша шартқа отырып, оған құқыққа қайшы артықшылық білдірген.
Аталған келісім шарт прокуратурамен уәкілетті мемлекеттік органға қадағалау актісі енгізілгеннен кейін бір жақты бұзылды.
Сот шешімімен «KazakhinTrade» ЖШС-нен 80 млн теңгеге жуық өсімпұл сомасы толығымен өндірілді.
РМК-нің басшысы жеке және заңды тұлғаларға шешімдер дайындау және қабылдау кезінде заңда көзделмеген артықшылық көрсеткені үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жауаптылыққа тартылды (мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық үшін), 7 қызметкерке «сөгіс» жарияланды.
Бас көлік прокуратурасы