Қостанай көлік прокуратурасының ұсынуыбойынша "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС филиалы - ЖТ Қостанай бөлімшесінің құқықтық актісіне өзгерістер енгізілді.
Бұл акт прокуратураның араласуына дейін жүк тасымалдаушы тарапынан "Қостанай" станциясының ішінде вагондарды жылжыту үшін кәсіпкерлерден қаражат алуға мүмкіндік берген.
Басқаша айтқанда, станция шекарасы шегінде вагондарды әрбір беру-жинау үшін алымдар көзделген, бұл өз кезегінде түпкі тұтынушы (қарапайым азаматтар) үшін олардың өнімдерінің қымбаттауына алып келген.
Нәтижесінде кәсіпкерлерден 7 млн теңгеден астам алымдар негізсіз өндірілген.
Жоғарыда көрсетілген ұсынуды қарау нәтижесі бойынша қосымша алымдарды өндіріп алудың заңсыз тәжірибесі тоқтатылды.
Бүгінгі таңда кәсіпкерлерге ақшалай қаражатты қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ұлттық тасымалдаушының осыған ұқсас құқықтық актілерін зерделеу жөніндегі жұмыс басқа өңірлерде де жалғасын табады.
Бас көлік прокуратурасы