Ұлттық тасымалдаушының заңсыз нұсқаулары жойылды

Ұлттық тасымалдаушының заңсыз нұсқаулары жойылды

Бас көлік прокуратураның наразылығы бойынша «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС–нің (бұдан әрі - ҚТЖ-ЖТ) жеке тармақ иелері мен жүк иелерін өздерінің тиеу алаңдарын заңнамада көзделмеген талаптарға сәйкес келтіруге, олардың кірме жолдарын ашу үшін құжаттар топтамасын ҚТЖ-ЖТ-ға ұсынуға міндеттейтін, сондай-ақ ҚТЖ-ЖТ филиалдарына жеке кірме жолдарды тексеруге мүмкіндік беретін заңсыз телеграф нұсқаулары жойылды.

Бұған дейін ҚТЖ-ЖТ БАҚ-та 2023 жылдың 1 қазанынан бастап осы шектеулердің енгізілгені туралы хабарланып, ол кәсіпкерлермен негізді сынға алды.

Телеграфтық нұсқауларды зерделеу олардың кәсіпкерлер үшін белгілейтін шектеулері заңнамаға негізделмегенін, ал олардың филиалдарына жеке кірме жолдарды тексеруді жүргізу тапсырмасы Кәсіпкерлік кодекстің нормаларына қайшы келетінін және уәкілетті мемлекеттік органның функцияларын ауыстыруға әкеліп соғуы мүмкін екенін көрсетті.

Бас көлік прокуратураның наразылығы толық көлемде қанағаттандырылды, телеграфтық нұсқаулар заңсыз деп танылды және күші жойылды.

Бас көлік прокуратурасы