Күн сайын көлік прокуратурасы органдарының мобильдік топтары кәсіпкерлерден әртүрлі сигналдарды тіркейді және тексереді.
Атырау көлік прокуратурасы осындай хабарламалардың бірін қараған кезде кәсіпкердің артық төленген кедендік және салық сомасын қайтару туралы өтініштерін қанағаттандырудан негізсіз бас тарту фактісін анықтаған.
Осылайша, адал кәсіпкер бірнеше ай бойы фискалды органнан, екі жыл бұрын күшін жойған нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасалған, қанағаттандырудан бас тартылған жауаптарды алған.
Прокуратураның араласуынан кейін ғана мемлекеттік орган өз әрекеттерінің заңсыздығын мойындаған және тарифтік мөлшерлеменің төмендеуін ескертіп бұрын төленген соманы қайтарған.
Нәтижесінде, кәсіпкердің шотына 82 млн теңге түскен, ал кінәлі лауазымды тұлға «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.
Атырау көлік прокуратурасы