«Сары-Арка» АЭА» бекетінің бұрынғы басшысы криптовалюта жабдықтарының контрабандасын жасағаны үшін сотталды

«Сары-Арка» АЭА» бекетінің бұрынғы басшысы криптовалюта жабдықтарының контрабандасын жасағаны үшін сотталды

Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 20.03.2023 жылғы үкімімен А.Оспанов аса ірі мөлшерде экономикалық контрабанда жасағаны үшін сотталды.

Сотталушының Грузиядан криптовалюта өндіру үшін «майнерлерді» алдап кіргізудегі тікелей рөлі Қарағанды көлік прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысымен сотта егжей-тегжейлі дәлелденді.

Сот отырысында Қарағанды облысының Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерімен «еркін экономикалық аумақта» декларация тапсыру тәртібінің ерекшеліктерін жақсы меңгерген және кеден органдарында 23 жылдық тәжірибесі бар «Қарағанды кешенді қорытпалар зауыты» ЖШС-нің өкілі Оспановтың жалған ниетінің болғанын жедел түрде құжаттағаны расталды.

Сонымен қоса, Оспанов зауыт жалдаған кеден брокерлерін есептеу техникасы аумағында кедендік төлемдер төленбейтін экономикалық аумақты металлургия өндірісінің қуатын толықтыру үшін пайдалану қажет деп сендірген.

Нәтижесінде, сот шешімімен жалпы құны 390 млн теңгеден асатын контрабанда заттары мемлекет кірісіне айналдырылды, оның 1779 данасы «Ant-Miner S9» маркалы майнингке арналған жабдық және 10 000 данасы көлемінде қоректендіру блогына арналған кабель болып табылады.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Қарағанды көлік прокуратурасы