Аи-95 бензинін аса ірі мөлшерде Тәжікстанға заңсыз экспорттағысы келді

Аи-95 бензинін аса ірі мөлшерде Тәжікстанға заңсыз экспорттағысы келді

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұнай өнімдерін құжатсыз Қазақстаннан тыс жерлерге тасымалдау қылмыстық жазаланатын іс-әрекет болып табылады, бірақ көбінесе бұл жәйт өз қалтасын заңсыз ұлғайтқысы келетін кәсіпкерлерді тоқтатпайды.

Павлодар қаласының жеке кәсіпкері фирма директоры Тәжікстан Республикасының аумағына автомобиль бензинін тасымалдауды және өткізуді оның еліміздегі қысым-таям тапшылығы кезеңінде басқа өнім түрімен жүзеге асыруға шешім қабылдаған.

Алайда, кәсіпкердің заңсыз әрекеттерін Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері тоқтатты.

Сотқа дейінгі тергеу кезеңінде кінәлі тұлға іс-әрекетіне өкініп, көлік прокурорымен кінәсін толық мойындау туралы іс жүргізу келісімін жасады.

10.10.2022 жылғы Павлодар қаласы №2 сотының үкімімен ол 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Мемлекет кірісіне 54 млн теңге мөлшеріндегі заңсыз өткізілген бензин сомасы және 89 млн теңгені құрайтын контрабанда заты АИ-95 маркалы бензин айналдырылды.

Павлодар көлік прокуратурасы