Трансұлттық қылмыстық топты ұйымдастырған күдікті экстрадицияланды

Трансұлттық қылмыстық топты  ұйымдастырған күдікті экстрадицияланды

Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен ҚР ҰҚК Тергеу департаментімен трансұлттық қылмыстық топты құруға және 4 млрд теңгеден астам сомаға алтын бұйымдарының заңсыз экспортын жасауды ұйымдастырумен күдіктелген резиден емес «Т» қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.
Аталған тұлға ұзақ уақыт бойы тергеуден бой тасалап жүрген. «Red Notice» (қызыл хабарлама) халықаралық іздестіру жөніндегі бірлескен іс-шаралардың нәтижелері бойынша соңғы Қырғыз Республикасының аумағында ұсталды.
Оны экстрадициялау ұлттық қауіпсіздік, полиция және прокуратура органдарының күштерімен жүзеге асырылды.
Айта кету керек, аталған істің көптеген қатысушылары әртүрлі жаза түрлеріне сотталған.
Бүгінгі күні тағы 2-қатысушыны іздестіру жалғасуда.

 

Бас көлік прокуратурасы