Көлік прокуратурасымен заңсыз төленген 82 млн теңгеден астам сома қайтарылды

Көлік прокуратурасымен заңсыз төленген 82 млн теңгеден астам сома қайтарылды

Алматы көлік прокуратурасымен бухгалтерлік материалдарды зерделеу барысында «ҚТЖ-Жүк тасымалы»-«Алматы жүк тасымал бөлімшесі» филиалы (бұдан әрі - Филиал) лауазымды тұлғасының аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау фактісі анықталды.

Мәселен, «К» лауазымды тұлғасы филиал қызметкерлері болып табылмайтын адамдардың банктік шоттарына 82 млн.теңгеден астам соманы аударған.

Көрсетілген ақшалай қаражатты қаскүнем өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Аталған факт бойынша материалдар экономикалық тергеу органдарына процестік шешім қабалдау үшін жолданып, Қылмыстық Кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған, яғни аса iрi мөлшерде кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу бойынша.

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 17.01.2023 жылғы үкімімен «К» лауазымды тұлғасы кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымдарға орналасуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып шартты түрде 7 жылға сотталды.

Үкім заңды күшіне енді.

Келтірілген материалдық залал толығымен өтелді.

                     Алматы көлік прокуратурасы