«ҚазТрансОйл» АҚ 13 млрд теңге бойынша тендерлерді өткізу кезінде артық талаптар қойды

«ҚазТрансОйл» АҚ 13 млрд теңге бойынша тендерлерді  өткізу кезінде артық талаптар қойды

Бас көлік прокуратурасы «ҚазТрансОйл» АҚ қызметінде әлеуетті өнім берушілерге артық біліктілік талаптарын белгілеу арқылы жасанды шектеу фактілерін анықтады.

Мысалы, Қоғам ашық конкурс тәсілімен автокөлік құралдарын жалға алу бойынша қызметтерді жалпы сомасы 12,8 млрд теңгеге сатып алуды жоспарлаған.

Осыған қарамастан,  автомобильдерді жалға алу үшін қажет етпейтін «жол инспекторы/техник/инженер-механик» мамандығы бойынша дипломдар болуы шарт ретінде қойылған.

Ұлттық оператордың әкімшілік ғимаратын күтіп ұстау жөніндегі қызметтерді 460 млн теңгеге сатып алу кезінде де осындай жағдай орын алған.

Тендерлік құжаттама бойынша кәсіпкер күзет қызметі бойынша лицензияның, сондай-ақ қалдықтарды сұрыптау мен жою бойынша рұқсат құжаттардың бар екенін растауға тиіс болған.

        Прокуратура актісі бойынша жоғарыда аталған тендерлер адал бәсекелестік қағидаттарының бұзылуына байланысты жойылды.

Бас көлік прокуратурасы