Прокуратура актісімен қоршаған ортаға келтірілген залал үшін 141 млн. теңгеге астам сома өндірілді

Прокуратура актісімен қоршаған ортаға келтірілген залал үшін 141 млн. теңгеге астам сома өндірілді

Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасы жүргізген тексеру барысында «Қалбатау-Майқапшағай» республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскесін қайта жаңғыру жұмыстарын жүргізу кезінде табиғатты қорғау заңнамасының бұзылу фактілерін анықтады.

Көлік прокурордың ұсынуы бойынша уәкілетті орган «Синьсин құрылысы және дамыту жөніндегі қытай компаниясы» ЖШС қоршаған ортаға келтірілген залалды өндіру туралы талап арызбен Астана қаласының мамандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

Атап айтқанда, атмосфераға ластаушы заттардың шығу көзі бар кәсіпорынның қызметі мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы жоқ жұмыс жобасы бойынша жүргізілген.

Заңды күшіне енген сот шешімімен шетелдік компания мемлекет кірісіне  141 658 146 теңге төледі, осылайша, прокуратураның қабылдаған шараларымен қоршаған ортаға келтірілген залал толығымен өтелді.