«Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заң азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін нығайтады

«Прокуратура туралы»  жаңа Конституциялық заң  азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін нығайтады

Бас көлік прокуратурасымен бизнес өкілдерін, құқық қорғау және мемлекеттік органдарын, сондай-ақ Астана қаласы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкіл М.Т.Ғалиевті шақыра отырып, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Конституциялық заңының негізгі ережелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

​Бас көлік прокурорының орынбасары Р.Н.Исаев өз сөзінде Конституциялық заңның қабылдануына алғышарт ретінде Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасы болғанын атап өтті. 

​Ағымдағы жылдың 5 қарашасында Президент «Прокуратура туралы» Конституциялық заңға қол қойды, 18 қарашада ол заңды күшіне енді.

​Р.Н.Исаев Конституциялық заңның жаңалықтарын түсіндіре отырып, прокуратураның өзгермейтін басты басымдығы – бизнесті қорғауға баса назар аударды.

​Азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, заңнама мен құқық қолдану практикасының дамуын қамтамасыз етуге арналған Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі назардан тыс қалмады. 

​Дөңгелек үстел соңында Бас көлік прокурорының орынбасары «Прокуратура туралы» Конституциялық Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, бизнес, қоғам және мемлекет мүдделерін сақтауға ықпал ететініне, ал прокуратура органдарының құзыретін кеңейту елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтатынына сенім білдірді.

 

 

Бас

көлік прокуратурасы