Психотроптық заттарды сатушы 10 жылға сотталды

Психотроптық заттарды сатушы 10 жылға сотталды

         Ақтөбе көлік прокуратурасының үйлестіруімен Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімі аса ірі көлемде синтетикалық есірткі заттарын өткізу фактілерін анықтады.

         Ағымдағы жылдың басында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында «Жіңішке-Ақтөбе» станциялары аралығының теміржол бойында есірткі заттарын жасырып салу кезінде азамат М. ұсталды.

         Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабының 3-бөлігі 1, 3, 5-тармақтары (психотроптық заттарды өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу барысында азамат М. бірнеше ай бойы есірткіні Ақтөбе қаласының шегінде интернет арқылы сатқаны, оларды дозаларға алдын ала өлшеп, «бетбелгілер» жасағаны анықталды.

Қысқа мерзімде тергеу аяқталды және қылмыстық процестің үш буынды моделі шеңберінде прокуратурамен негізгі іс жүргізу шешімдерін келісілді, айыптау актісі жасалып, іс сотқа жіберілді.

Ақтөбе қаласының №2 сотының 01.06.2022 жылғы үкімімен азамат М. аса ірі көлемде есірткі сатқаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Айта кету керек, есірткі (соның ішінде психотроптық), ең алдымен, жүйке жүйесіне, сондай-ақ бүкіл адам ағзасына ерекше әсер етеді, «дозаларды» бірнеше рет қабылдағаннан кейін қысқа мерзімде созылмалы уланудың ауыр медициналық салдары дамиды (ішкі ағзалардың, жүйке жүйесінің, мидың зақымдануы, психикалық бұзылулар).

Есірткіні өткізу мен пайдалануға қарсы күрес құқық қорғау органдары жұмысының басым бағыты болып табылады.

 

 

Ақтөбе

көлік прокуратурасы