17 жастағы жігіт психотроптық заттарды сақтағаны үшін сотталды

17 жастағы жігіт психотроптық заттарды  сақтағаны үшін сотталды

Жасөспірім «альфа – пирролидиновалерофенон» психотроптық заттардың 13 қалташасын сақтау кезінде қолға түсті.

Заң бойынша мұндай әрекеттер психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау ретінде сараланады, бұл жағдайда қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады және 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаралған.

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мемлекеттік айыптауды Орал көлік прокуратурасы қолдады.

Сот сотталушыны 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

        Айта кету керек, іс аясында қылмыстық қудалау органы кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлықтың алдын алудың әлсіреуі бойынша уәкілетті ұйымға ұсыныс енгізді. 

 

 

Орал көлік прокуратурасы