Прокурорлар тасымалдаушылар үшін тарифтерді теңестірді

Прокурорлар тасымалдаушылар үшін тарифтерді теңестірді

Прокуратура органдарының басым міндеті бизнес субъектілерін мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың заңсыз араласуынан қорғау, сондай-ақ олардың құқықтарына қысым жасауды болдырмау болып табылады.

Жыл басынан бері Бас көлік прокуратурасы нормативтік актілердің күшін жою арқылы 9 мыңнан астам кәсіпкердің құқығын қорғады.

Мысалы, жүргізілген талдау «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - ҚТЖ) өзінің үстем монополиялық жағдайын теріс пайдалану фактісін анықтады.

ҚТЖ 30%-ға төмендету коэффициентімен жүктерді транзиттік тасымалдауға арналған арнайы тарифтік шарттарды қолданады.

Тарифтерді қолданудың негізділігін зерттеу ҚТЖ компаниялар тобына кіретін ұйымдар үшін төмендету коэффициенті алғашқы тасымалдауды жүзеге асыру сәтінен бастап қолданылғанын көрсетті.

Ал басқа кәсіпкерлік субъектілеріне (тасымалдаушыларға) қатысты мұндай жеңілдіктер жыл қорытындысы бойынша тасымалдардың кепілді көлемі орындалғаннан кейін ғана көзделді.

Тең емес жағдайлардың нәтижесінде ҚТЖ компаниялар тобына кіретін ұйымдар басқа тасымалдаушыларға қарағанда артықшылыққа ие болды.

Бас көлік прокуратурасының наразылығы бойынша аталған бұзушылықтар транзиттік жүкті тасымалдау ережелеріне өзгерістер енгізу арқылы жойылды.



Бас көлік прокуратурасы