1 млрд теңгеге мамонт мүйіздерінің контрабандасына тосқауыл қойылды

1 млрд теңгеге мамонт  мүйіздерінің контрабандасына тосқауыл қойылды

Нұр-Сұлтан қаласы №2 Сарыарқа аудандық сотының үкімімен «А» есімді азамат мамонттардың және біздің заманымызға дейінгі мүйізтұмсықтың мүйіздерін контрабандалық жолмен шығаруға оқталғаны үшін кінәлі деп табылды.

Мамандардың есебі бойынша олардың салмағы 5 тоннадан, ал құны 1 млрд тенгеден асады.

Ежелгі алыптардың қалдықтары біздің елімізге Ресей Федерациясы, Саха Республикасынан әкелінген (Якутия).

Осы заттарды шығаруға лицензияны алу үшін Қазақстанның уәкілетті органына аккредитациясынан айырылған, мәдени құндылығы жоқ жөніндегі жалған шешімі көрсетілген ресей маманының қорытындысы ұсынылған.   

Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен ресейдегі әріптестермен бірлесе тергеумен сотталушының кінәсін дәлелдейтін заттай дәлелдемелер жинақтылды.

Сот процесі барысында, мемлекеттік айыптаушының бастамасымен, сот ҚР Білім және және ғылым министрлігіне құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде жекеше қаулы шығарды.

Палеонтология заттарының экспортына лицензия беру тәртібін, оның ішінде мемлекеттік қызметтің мерзімдерін қайта қарап, комиссия құрамына Мәдениет және спорт министрлігінің өкілін қатыстыру қажеттігіне назара аударылды.   

Себебі, заңда көзделген бір тәулік ішінде ұсынылған құжаттар негізінде құндылықтарға объективті баға беру қиындық туғызады.

Сот сотталушыға 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын айыру жазасын тағайындап, мүйіздердің басым бөлігін ҚР Ұлттық музейіне берсе, қалғанын оның заңды иелері РФ Саха Республикасының кәсіпкерлеріне қайтарды.

 

Бас көлік прокуратурасы