Көлік прокурорлары кәсіпкерлермен кездесу өткізді

Көлік прокурорлары кәсіпкерлермен кездесу өткізді

Семей көлік прокуратурасы Семей қаласының кәсіпкерлер палатасының филиалымен бірлесіп, тауарларды теміржол көлігімен жөнелтуді жүзеге асыратын бизнес-қоғамдастықпен кездесу өткізді.

Кездесуде теміржол көлігімен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты проблемалық мәселелер талқыланып, мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексеру жүргізу тәртібі түсіндірілді.

Мысалы, бизнес субъектісі мемлекеттік орган жүргізетін тексерудің заңдылығын тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген QR-код арқылы көре алады.

Сондай-ақ, қадағалау органының өкілдері кездесуге қатысушыларға кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында, Семей көлік прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің өңірлік көлік басқармасымен бизнесті заңсыз тексеруді анықтау және оған жол бермеу бойынша талдау жүргізіп жатқанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бизнес құқығын бұзу және олардың заңды қызметіне кедергі келтіру фактілері туралы мобильді топтың сенім телефондарына хабарласуға болады (8 (7222) 56-52-05, 8-702-123-64-74).

 

Семей көлік прокуратурасы