Елорда вокзалдарында кәсіпкерлерге жалдау ақысын қайта қарады

Елорда вокзалдарында кәсіпкерлерге жалдау ақысын қайта қарады

Елорда вокзалдарында кәсіпкерлерге
жалдау ақысын қайта қарады

Ақмола көлік прокуратурасы «Нұрлы Жол» вокзал кешенінде кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Жиын барысында бизнес субъектілерінің құқықтарын бақылаушы органдардың заңсыз әрекеттерінен қорғау мәселелері талқыланды.

Бұған дейін «ҚТЖ «ҰК» АҚ-мен осындай форматтағы кездесу аясында кәсіпкерлерді төтенше жағдай кезеңінде үй-жайларды жалға беру ақысынан босату туралы келісімге қол жеткізілді.

«Нұрлы Жол» және «Нұр-Сұлтан-1» вокзалдық кешендерінде барлығы 58 жалға алушы жалпы 8 млн теңгеден астам қаржыны төлеуден босатылды.

Бұдан басқа, 2022 жылы тарифті 5%-ға дейін көтеру туралы шешім алынып тасталды, осылайша бизнеске 18,2 млн теңге сомасында қолдау көрсетілді.


Ақмола көлік прокуратурасы