БЕК ЭЙР ұшағының апатына қатысты
тергеудің одан әрі барысы туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2019 жылдың соңында Комиссия бастаған «БЕК ЭЙР» авиакомпаниясының «Fokker-100» әуе кемесімен болған авиациялық оқиғаны тексеруді аяқтады.
Авиациялық апат фактісі ішкі істер органдарымен тергеліп жатқаны белгілі.
ИИДМ Комиссиясының тергеуді аяқтауы - алдын ала тергеу кезеңдерінің бірі.
Олардың есебін алуына қарай тергеу-жедел тобымен көрсетілген нәтижелерді зерделеу және талдау, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталған фактілермен, оның ішінде Алматы қаласы әуежайының жерүсті қызметінің іс-әрекеттерімен салыстыру бойынша жұмыс жүргізіледі.
Қосымша, іс бойынша тергеудің объективтілігі мен толықтығына бағытталған қажетті тергеу әрекеттері, сараптамалар мен зерттеулер өткізілетін болады.
Қатысы бар адамдардың кінәсі алдын ала тергеу нәтижелері бойынша анықталатын болады.
Тергеу барысы қадағалау органымен бақылануда.
Бас көлік прокуратурасы