Балаларға қамқорлық жасау - елдің
болашағына қамқорлық көрсету
Бүгін Бас көлік прокуратурасының қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының «Мамандандырылған балалар үйінің» тәрбиеленушілеріне барып қайтты.
Жыл сайынғы акция Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орайластырылған және балаларға қамқорлық жасауға, азаматтардың Жаңа Қазақстанның құндылықтары мен мұраттарына топтасуына бағытталған.
1-мамыр күні қазақстандық патриотизм, өз Отанына және халқына деген адалдықтың мерекесіне айналды.
Бас көлік прокуратурасы басшылығының бастамасымен балалар үйіне қайырымдылық көмек көрсетілді.
Балалар үйінің басшылығы және тәрбиешілерімен достық әңгімелесу жүргізіліп, олар өз алғыстарын білдірді.
Бас көлік прокуратурасы