Алматы әуежайында кәсіпкерлер үшін «Ашық есік күні» өтті

Алматы әуежайында кәсіпкерлер үшін «Ашық есік күні» өтті

Алматы қаласының авиациялық көлік прокуратурасының бастамасымен а.ж. 6 қазанында «Жетісу» кеден бекетінің аумағында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Алматы қаласының халықаралық әуежайы өкілдерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өтті.

Іс-шара барысында бизнес субъектілеріне Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында көлік прокурорларының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысы, мобильді топтың қызметі мен лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне шағымдану тәртібі түсіндірілді.

Алматы халықаралық әуежайының өкілдері әуе айлағы арқылы жүктерді өңдеу көлемін арттыруға бағытталған Жүк ағындарын дамыту бағдарламасының барысы мен Тасымалдаудың модальді транзитінің жобасы туралы баяндады.

Алдағы уақытта осындай шара жүйелі түрде айына екі рет өткізілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, прокуратурада бизнес құқықтарын қорғау бойынша мобильді топ жұмыс істейді, оған әрбір кәсіпкер өзінің құқықтары бұзылған жағдайда жүгінуге құқылы (Алматы қ., Огарев к-сі, 1 «Б», cенім телефондары 8(7172) 257-21-27, 8 701 7004081, 8 777 4777079).

Бас колік прокуратурасы