Прокурорлар кәсіпкерді қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартудың жолын кесті

Прокурорлар кәсіпкерді қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартудың жолын кесті

 

Прокурорлар кәсіпкерді қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартудың жолын кесті

 

 

Көкшетау көлік прокуратурасымен кәсіпкерге қатысты полиция бастаған қылмыстық қудалау тоқтатылды.

Прокуратураның мобильдік тобына келіп түскен сигнал бойынша ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінде полицияның желілік бөлімі жүкті ұстағанын және бөтен мүлікті иемдену (ұрлау) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын анықтады.

Алайда, тексеру барысында осы жүкті тасымалдаудың заңдылығын растайтын барлық құжаттар бар екендігі анықталды.

Осыған байланысты, қадағалау органы сотқа дейінгі тергеп - тексеруді тоқтатты, ұсталған жүк иесіне қайтарылды.

Полиция қызметкерлеріне қатысты тәртіптік іс қозғалды.

Көлік саласындағы кез келген бұзушылықтар туралы Көкшетау көлік прокуратурасының мобильді тобына (Көкшетау қаласы, Біржан Сал көшесі, 36) мына телефондар арқылы хабарлауды сұраймыз: 8 (7162) 25 61 03, ұялы. 8 701 623 01 33, 8 705 298 73 21, эл. мекен-жайы 7166003@prokuror.kz.

 

                                                                                                     Көкшетау көлік прокуратурасы