Тақырыбы: «Рейдерлікпен күрес және кәсіпкерлердің құқығын қорғау- новеллалары»

Тақырыбы: «Рейдерлікпен күрес және кәсіпкерлердің құқығын қорғау- новеллалары»

«Солтүстік Қазақстан» газетіне  мақала 

 

Тақырыбы: «Рейдерлікпен күрес және кәсіпкерлердің құқығын қорғау- новеллалары»

 

Рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлерді мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың заңсыз араласуынан қорғау мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан көлік прокуратурасымен тұрақты негізде қадағалау жүзеге асырылады.

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ағымдағы жылдың 4-қыркүйегінде қолданысқа енгізіледі.

Заң нормалары кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық кепілдіктерін елеулі түрде күшейтеді.

Мәселен, Қылмыстық кодексінің 249-бабы  I-1 бөлігімен толықтырылды, құқық қорғау, немесе уәкілетті органдардың немесе  сот тәртібімен меншік иесін заңды тұлғаны иеліктен шығаруға, оған қатысу үлесін, бағалы қағаздарды және осы заңды тұлғаға қатысты тексерулерді ұйымдастыру немесе оларға бастамашылық ету нәтижесінде өзге де мүлікті иеліктен шығаруға мәжбүрлеу жолымен, рейдерлік үшін қылмыстық жауаптылықты көздейді.

Кодекстің 249-бабының 1-бөлігінде рейдерліктің жаңа тәсілдерімен толықтырылды: «акционерлердің, қатысушылардың жалпы жиналысы шешімдер қабылдаған кезде акционердің, заңды тұлға қатысушысының құқықтары мен заңды мүдделеріне қасақана нұқсан келтіру немесе заңды тұлғаны басқаруға не жалпы жиналыстың шешімін орындауға немесе құрылтай немесе өзге де құқық белгілейтін құжаттарды, заңды тұлғаның мөрлерін ұстап қалу арқылы атқарушы органның функцияларын жүзеге асыруға қасақана кедергі жасау жолымен».

Кодекстің 365-бабында заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі келтірудің жаңа тәсілдерімен толықтырылды: «тексерулер жүргізу тәртібін бұзу, белгілі бір қызметті жүзеге асыруға арнайы рұқсат (лицензия) беруден заңсыз бас тарту немесе оны беруден жалтару, кәсіпкерлік субъектісінің қызметін және (немесе) оның банктік шоты бойынша операцияларды заңсыз тоқтата тұру, жеке кәсіпкерлік субъектісін қайырымдылыққа және өзге де іс-шараларға мәжбүрлеп құқыққа қарсы тарту, жеке кәсіпкерлік субъектісін, жеңілдіктер мен преференцияларды қолдануға кедергі келтіру немесе заңсыз қолданбау».

Бұдан басқа, ұйымдардың сондай-ақ жеке кәсіпкерлер пайдаланатын үй-жайларында және аумағында, мәжбүрлеп тексеруді жүргізу тергеу судьясы санкциясымен ғана мүмкін болады.

Қылмыстық іс жүргізудің үш буынды моделіне көшу туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қылмыстық іс материалдарын тіркеу, соның ішінде рейдерлік және заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау фактілері бойынша күнделікті мониторингілеу прокуратурамен жүргізіледі. Бизнес субъектілерін қылмыстық қудалау орбитасына заңсыз тарту дереу тоқтатылады, кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты шаралар қабылданады.

  Аталған заңнамалық новеллалар бизнеске заңсыз немесе негізсіз араласудың кепілдігін  қамтиды. Тиісінше, бұл шаралар тұтастай алғанда мемлекеттің әл-ауқаты мен дамуын жақсартуға мүмкіндігін береді.

Сонымен қоса, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау фактілерінің алдын алу мақсатында өңірде көлік прокуратурасының ұйымдастыруымен  мобильдік топ жұмыс атқаруда. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында, Сіз келесі мобилді телефон нөміріне хабарлай аласыз: 87767007711 және 87078038916. 

 

 

                                                                                 

                                                                                                          Солтүстік-Қазақстан

                                                                                                          көлік прокуратурасы