Алматылық дәрігерлер вакцинация паспортын сатты

Алматылық дәрігерлер вакцинация паспортын сатты

Алматылық дәрігерлер вакцинация паспортын сатты

                 

Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен көліктегі полиция қызметкерлері Алматы қаласының әуежайында медициналық мекемелердің лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттерінің жолын кесуге бағытталған жедел іс-шаралар жүргізді.

Нәтижесінде, вакцинация паспорттарын заңсыз дайындап сатқан Алматы қаласы халықаралық әуежайының медициналық пункті мен қаланың медициналық мекеменің бірқатар қызметкерлерінің заңсыз әрекеті әшкереленді.

Аталған дерек бойынша 24.08.2021 жылы ҚР ҚК-нің 385-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тергеу жүргізілуіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

Бас көлік прокуратурасы