Көлік прокурорлары Алматыда жүкті заңсыз тексерудің алдын алды

Көлік прокурорлары  Алматыда жүкті заңсыз тексерудің алдын алды

Жетісу көлік прокуратурасының Мобильдік тобына кәсіпкерден Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері оның жүгін заңсыз ұстағаны туралы сигнал түсті.

Оқиға орнына бару барысында лауазымды тұлғалар жүк тасушыны тексеру жүргізу үшін негізсіз тоқтатқаны расталды.

Аталған әрекетімен лауазымды тұлғалар Мемлекет басшысының шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексерулер, профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуге тыйым салуын елемеген.

Прокуратураның араласуынан кейін кәсіпкер өз жолын жалғастырды, ал кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Әрбір кәсіпкер көлік прокуратурасы органдарына төмендегі телефондар арқылы хабарласып бақылаушы мемлекеттік органдар әрекеттерінің заңдылығына баға беруді талап етуге құқылы (Бас көлік прокуратурасындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ телефондары: 8 7172 712251; 8 7172 301910;  8 707 411 0000 ).

 Бас көлік прокуратурасы