Көліктегі үш буынды жүйенің моделі

Көліктегі үш буынды жүйенің моделі

 

 

Көліктегі үш буынды жүйенің моделі

 

9 маусым 2021 жылы  Бас көлік прокурорының орынбасары Р.Н.Исаев пен Ақмола көлік прокуроры Қ.Б. Сәрсенов бірлесіп, жолаушылар тасымалын жүзеге асыру кезінде азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында, вокзалдың жұмыс персоналымен өзара іс-қимылда полиция қызметкерлерінің жұмысын тексеру мақсатында стратегиялық маңызды объектілер болып табылатын Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан теміржол вокзалдарын аралап шығу жүргізілді.

 

 

Сондай-ақ, Бас көлік прокурорының орынбасары процессуалдық шешімдерді келісудің жаңа тәртібі бойынша Нұр-Сұлтан станциясының Желілік полиция басқармасының жұмысын ұйымдастыру және өзара іс-қимылын тексерді.

 

Көліктегі ПД бастығының орынбасары Н. Әлібаевпен бірге, Нұр-Сұлтан станциясының ЖПБ-ның қызметкерлерімен кездесу өткізіп, онда қабылданатын шешімдерді қадағалаудың электрондық форматы уақытты үнемдейтіні және қылмыстық процестің ашықтығын қамтамасыз ететіні атап өтілді.

Осы форматтағы жұмыс оң нәтиже береді, онда қателіктер, бұзушылықтарға жол беру азаяды, сәйкесінше процеске қатысушылардың шағымдары үшін алғышарттар азаяды. Себебі басты міндет азаматтарды заңсыз әрекеттерден қорғауды қамтамасыз ету және сонымен бірге заңсыз айыптаудың алдын алу болып табылады.

Қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшу Мемлекет басшысының "Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс – қимыл уақыты" Жолдауы шеңберінде жүзеге асырылуда, бұл өзгерістер азаматтардың, соның ішінде күдіктінің де, жәбірленушінің де конституциялық құқықтарын қорғауға және қылмыстық процестің шеңберінде негізсіз жауапкершілікке тарту фактілерін болдырмауға, жалпы тергеп-тексерудің объективтілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті Исаев Р.Н.

 

 

 

 

Ақмола көлік прокуратурасы