Ұлттық тасымалдаушы мемлекеттік органның бақылау функцияларын өзіне заңсыз иемденіп алды

Ұлттық тасымалдаушы мемлекеттік органның бақылау функцияларын өзіне заңсыз иемденіп алды

Ұлттық тасымалдаушы мемлекеттік органның бақылау функцияларын өзіне заңсыз иемденіп алды

 

 

Кірме жолдар иелерінің қызметін құқықтық реттеудің негіздері «Теміржол көлігі туралы» Заңның нормаларымен регламенттелген.

Арнайы заң кірме темір жолдардағы қауіпсіздік талаптарының сақталуын тұрақты негізде тексеруді ұйғарады.

Мемлекеттік бақылаудың бұл міндеті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетіне жүктелген.

Прокуратура тармақ иеленушілердің бірінің шағымы бойынша «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы 2021 жылғы 8 ақпандағы бұйрық негізінде өзінің аумақтық филиалдарына тексеруді ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік бақылау өкілеттіктерін заңсыз табыстағанын анықтады.

Бұйрықты шығарған кезде ұлттық тасымалдаушы мемлекет жеке ұйымдарға кейбір өкілеттіктер берілуге жатпайтынын белгілегенін ескермеген.

Бас көлік прокурорының наразылығы бойынша 2021 жылғы 23 сәуірде тексеру жүргізу жөніндегі бұйрықтың заңнамаға қайшы келетін нормалары алынып тасталды. Бұл ұлттық компания вагондарды беру және алу туралы келісім жасасқан 2 845 жеке тармақ иеленушілерінің тексерулеріне жол бермеді.

Кәсіпкерлер өз құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны туралы Бас көлік прокуратурасының ресми парақшасында орналастырылған көлік прокуратурасы органдары мобильді топтарының сенім телефондарына хабарлай алатынын түсіндіреміз – www.gov.kz.

Бас көлік прокуратурасы