Гуманитарлық бағыттағы Медициналық тауарлар жеке мақсатта пайдаланылды

Гуманитарлық бағыттағы Медициналық тауарлар жеке мақсатта пайдаланылды

Өткен жылдан бастап бүкіл адамзатты коронавирустық пандемияның салдары шайқады.

Мерзімді түрде елде медициналық қорғаудың алғашқы құралдарының тапшылығы болды, оның тапшылығы мемлекет есебінен, сондай-ақ гуманитарлық көмек арқылы толтырылды.

Осы мақсатта әкелінген тауарларға салықтар мен кедендік төлемдер салынбайды.

Алайда кейбір жосықсыз кәсіпкерлер бұл норманы ел мен азаматтар үшін қиын уақытқа қарамастан пайдаланды.      

Мәселен, өткен жылдың қараша айында Қызылорда көлік прокуратурасы жеке компанияның салық пен кедендік төлемдерді төлеуден жалтару фактісін анықтады.

Компания ізгілік көмек ретінде Қазақстанға жалпы сомасы 3 400 000 теңгеден асатын медициналық мақсаттағы тауарларды (бір реттік және көп реттік қорғаныш комбинезондары, қорғаныш көзілдіріктері, бас киімдер, медициналық маскалар, резеңке қолғаптар, бахилалар 123 кг) импорттады.

Кейіннен компания тауарларды өз мақсаттары үшін пайдаланды және мұқтаж ұйымдарға гуманитарлық көмек көрсетуге ниет білдірмеді. 

Мұндай жағдайларда кәсіпкер мемлекеттік қазынаға міндетті төлемдерді төлей отырып, тауарларды жалпы негізде импорттауға мәжбүр еді.

Нәтижесінде, прокуратураның ұсынуы бойынша компания кедендік тексеруден өтті, оған толық көлемде төленген тиісті төлемдер қосылды.

                          Бас көлік прокуратурасы