БКП - заңсыз тексерістердің алды алынды

БКП - заңсыз тексерістердің алды алынды

Бас көлік прокуратурасының наразылығы бойынша көлік Комитетінің барлық аумақтық органдарына «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ филиалдарымен бірлесіп теміржол вокзалдарын Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттарына сәйкестігін тексеру туралы бұйрығының күші жойылды.

Аталған іс-шаралар барысында көлік инспекторлары тіршілікті қамтамасыз ету, инженерлік қорғау жүйелерін және бүкіл ел бойынша 58 теміржол вокзалын пайдалануға байланысты басқа да мәселелерді зерттеуді жоспарлаған.

Алайда, қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес мұндай тексеру жүргізу көліктік бақылау органдарының құзыретіне кірмейді.

Оның үстіне, мемлекеттік бақылау саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін Кәсіпкерлік кодексте «зерттеу» ұғымы көзделмеген.

Басқаша айтқанда, Көлік комитеті тексеру түрінде бірқатар ұйымдарды, оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін бұған өкілеттіктері мен негіздері болмай, толық тексерістерді жоспарлаған.

Мемлекет басшысы бақылаушы органдардың мемлекеттік құрылымдар мен бизнес субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуына жол берілмейтінін бірнеше рет атап өтті.​

  Мұндай жағдайларда көлік Комитетінің іс-әрекеттері негізсіз болып табылады.​

  Осылайша, бас көлік прокуратурасы заңсыз бұйрықты жою арқылы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру әрекетін тоқтатты.

   Қазіргі уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда, кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласу фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша өзге де шаралар қабылдануда.

   Бас көлік прокуратурасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді тобының телефондары: 8 7172 712251 (тәулік бойы); 8 7172 301910


Бас көлік прокуратурасы