Қазақстанға 7 млрд теңгеден астам сомаға контрабандалық тауарлар кіргізуге оқталған

Қазақстанға 7 млрд теңгеден астам сомаға контрабандалық  тауарлар кіргізуге оқталған

Күдіктінің кінәсін дәлелдеуден қатар, қылмыстық қудалау органдары залалды өтеуді қамтамасыз ету бойынша қылмыстық жолмен табылған мүлікті, контрабандалық тауарды және қылмыс құралын тәркілеу арқылы жұмыс жүргізеді.

Өткен жылы көлік прокуратурасы органдарының үйлестіруімен тәркіленген мүлік сомасы 7,4 млрд.теңгеден асты.

Мысалы, 2020 жылдың соңында Ақтау қаласының теңіз портындағы ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында Маңғыстау облысының бірқатар басшы лауазымды тұлғаларының қамқорлығымен экономикалық контрабандамен (ТНП, Автошина, парфюмерия, темекі және кальян темекісі, заңсыз әкелінген тауардың сомасы 2,3 млрд.теңгені құрады) және кедендік баждарды төлеуден жалтарумен (барлығы 12 адам) айналысқан азаматтарға қатысты үкім шықты.

Қылмыстық істі БКП-ның арнайы прокурорлары тергеді, істі сотта қарау нәтижесімен кінәлі тұлғалар түрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Тұтастай алғанда, қазіргі уақытта қабылданған шаралармен мемлекет бюджетіне тәркіленген тауарларды сауда-саттықта сатудан 900 млн. теңгеден астам қаржы түсті.

Жұмыстың келесі мақсаты қылмыс құралдарын мемлекет кірісіне айналдыру арқылы қылмыстың алдын алу.

Мысал ретінде сотпен қылмыс жасау құралы деп таныған қылмыскерлердің 10 автокөлігін тәркілеу фактілерін келтіруге болады.

Айта кету керек, кейде қылмыскерлер туәкелге барып, автокөліктерінен айырылады, ал оның құны қылмыстық әрекеттерден түсетін кірістен жоғары.

Ақтөбе облысының тұрғыны, жалпы сомасы 400 мың теңгеден асатын ұрланған мұнай өнімдері мен басқа да мүліктерді тасымалдағаны үшін сотталды. Бұл үшін сот оны соттап қана қоймай, құны 5 млн.теңгеден асатын көліктен айырды, оны сот қылмыс құралы деп танып, мемлекет кірісіне тәркіледі. 

Тағы бір жағдайда, заңсыз жолмен алынған дизельді тасымалдағаны ұшін Алматы облысының тұрғыны сотталып, «SCHMITZ» прицепімен бірге «МАN» маркалы жүк автокөлігінен айырылды.

Қылмыстық әрекеттен алынған кірістерді анықтау бойынша жұмыстарға да маңызды рөл беріледі.

Әдетте, қылмыскерлер қылмыстық жолмен табылған қаржыға үйлер, пәтерлер мен автокөліктерді сатып алады, ал бақылаушы органдардың назарынан тыс қалу үшін оларды жақын туыстары мен таныстарына рәсімдейді.

Мәселен, адамдар тобы бірнеше жыл бойы аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлаумен айналысқан, сол ақшаға элиталық жылжымайтын мүлік пен қымбат автокөліктер сатып алған.

Тергеу күдіктілердің сәнді өмірі қылмыстық жолмен алынған мүліктің есебінен басталғанын дәлелденді.

Себебі, ұрлық жасаған кезде күдіктілердің жалақысынан басқа кірісі болмаған, ал мүлік рәсімделген адамдар олардың шығу тегін түсіндіре алмаған.

Нәтижесінде, сот Нұр-сұлтан қаласында орналасқан жалпы құны 380 млн теңгеден асатын 5 люкс автокөлік, 6 элиталық пәтер және 3 жер телімі түріндегі мүлікті қылмыстық жолмен алынған деп таныды, осының есебінен зардап шеккен тарапқа (квазимемлекеттік компанияға) келтірілген заладың бір бөлігі өтелді.

Бас көлік прокуратурасы