Алматы қаласында 28 кәсіпкерді заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартуға жол берілмеді

Алматы қаласында 28 кәсіпкерді заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартуға жол берілмеді

Жетісу көлік прокуратурасының мобильді тобы кәсіпкердің сигналымен Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы (бұдан әрі-Инспекция) 28 кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартып, тексеріс жүргізу үшін құжаттарды алып, уәкілетті органға келуді талап еткенін анықтады.

  Прокурорлық тексеріс нәтижесінде, Инспекция  қолданыстағы заңнама талаптарын өрескел бұзып, Мемлекет басшысының шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне бару арқылы тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізуге салынған тыйымын елемегені анықталды.

Басқаша айтқанда, кәсіпкерлерді тексеруге ешқандай негіз болмағанына қарамастан инспекция оларды заңсыз шақыртып, әкімшілік жауапкершілікке тартуға тырысқан.

Прокуратура актісі нәтижесінде  кәсіпкерлер мемлекеттік органға келу міндетінен босатылып, негізсіз әкімшілік жауапкершілікке тартудың жолы кесілді.

Кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғаны үшін кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, қазіргі уақытта прокуратура органдарының мобильдік топтары кәсіпкерлердің құқықтарын бұзуға жедел ден қоюдың нақты құралына айналды.

Кез келген кәсіпкер қазір көлік прокуратурасы органдарына төмендегі телефондар арқылы хабарласып, бақылаушы органдардың іс-әрекеттерінің заңдылығын бағалауды талап етуге мүмкіндігі бар.

Бас көлік прокуратурасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша  мобилді тобының телефондары: 8 7172 712251; 8 7172 301910 

 Жетісу көлік прокуратурасы