«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Балқаш жол дистанциясының бастығы ұсталды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Балқаш жол дистанциясының бастығы ұсталды

Бас көлік прокуратурасы және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің бірлескен іс-шаралары нәтижесінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының лауазымды тұлғаларының заңға қайшы әрекеттерінің жолы кесілді.

Ағымдағы жылғы 10-ақпанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының Балқаш жолдар дистанциясының бастығы азамат Т. ұсталып, кейін сот санкциясымен 2 айға қамауға алынды.

Тергеу нұсқасы бойынша, аталған адам тергеу барысында анықталған лауазымды адамдармен бірге темір жол төсемін күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстардың жекелеген түрлерін орындамау арқылы бюджет қаражатын жымқырған. Жалпы шығын 92 млн. теңгеден астамды құрайды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.

Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі