Көлік бақылау инспекциясының басшысы ұсталды

Көлік бақылау инспекциясының басшысы ұсталды

Бас көлік прокуратурасы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Орталық аппаратының бірлескен іс-шаралар нәтижесінде                   Нұр-сұлтан қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы басшылығының құқыққа қайшы әрекетінің жолы кесілді.

Ағымдағы жылдың 8 ақпанында осы инспекция басшысының міндетін атқарушы аз. К. әшкереленіп, ол аз. Ш. көлік құралдарын техникалық байқаудан өткізу туралы жалған актілер беру жөніндегі заңсыз қызметіне жалпы қамқорлығы үшін ақшалай сыйақыларды заңсыз алды деп күдіктелуде.

Тінту барысында күдіктінің тұрғылықты жері бойынша 2 млн.теңгеден астам қаражат анықталып, тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.

Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі