Көлік прокурорлары мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтудің 200-ден астам фактісін анықтады

Көлік прокурорлары мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтудің 200-ден астам фактісін анықтады

Көлік прокурорлары мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтудің 200-ден астам фактісін анықтады

 

А.ж. 13-мамырдан бастап Үкімет жанындағы Ведомствоаралық комиссияның шешімімен қазақстандық медициналық мекемелерге емделуге келгендерді қоспағанда, барлық шетелдік азаматтарға мемлекеттік шекарадан өту шектелді.

Көлік прокуратурасымен жүргізілген талдау нәтижесімен Тәжікстанның 232 азаматы үшін Қазақстанның медициналық мекемелерінде емделгені туралы жалған медициналық анықтамалар беру арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактілері анықталды.

Прокуратураның бастамасымен Қылмыстық кодекстің 394-бабының 2-бөлігі (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, оны тергеу Алматы қаласы әуежайының Желілік полиция бөліміне тапсырылды.

Шетелдіктерге қатысты Қылмыстық кодекстің 392-бабы (Мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша фактілерді СДТБТ-де тіркеу туралы мәселе шешілуде.

 

Бас көлік прокуратурасы