Прокурорлық қадағалау шараларымен 197 млн теңгеден астам бюджет шығынына жол берілмеді

Прокурорлық қадағалау  шараларымен 197 млн теңгеден астам бюджет шығынына жол берілмеді

Қарағанды көлік прокуратурасы «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ-ның Қарағанды облыстық филиалы (әрі қарай - филиал) қызметінің республикалық маңызы бар жолдарын жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуына жүргізген талдау нәтижесінде жұмыстардың құнын көтеру фактілері анықталды.

Филиалдың 4 нысанының сметалық құжаттамасында қиыршық тас төсеу шығындары екі рет көрсетілген, нәтижесінде сома 197,3 млн теңгеге артты.

Прокурордың ұсынуын қарау нәтижесінде көрсетілген сома қосымша келісімдер жасасу арқылы жұмыстан шығарылды. Филиалдың лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, көлік прокуратурасы 197,3 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын заңсыз жұмсауының алдын алды.

Осы бағытта жұмыс жалғасуда.

Қарағанды көлік прокуратурасы