Жетісуда жүк көліктері автоматты салмақ бақылауын айналып өтіп келген: прокуратура заңсыз жолды жапты

Жетісуда жүк көліктері автоматты салмақ бақылауын айналып өтіп келген: прокуратура заңсыз жолды жапты

Көлік прокурорлары тұрақты негізде жүк көлігінің заң бұзушылықтарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде.

Жетісу облысының аумағында орналасқан «Сарыөзек – Көктал» республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскесінде автоматтандырылған өлшеу станциясының ауыр салмақты машиналарының айналып өту фактілері анықталды.

Айналма жол ретінде өндірістік қажеттіліктерге арналған  техникалық жол пайдаланылған.

Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен «ҚазАвтоЖол» филиалының арнайы техникасымен айналма жолдар бөгеттелді.

Бүгінгі таңда жүк көліктерінің қозғалысы автоматтандырылған станция кешені арқылы жүзеге асырылады.

Прокуратура, көліктік бақылау инспекциясы және әкімшілік полиция қызметкерлерінен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

Топтың жұмысы аумақаралық қағидат бойынша жүзеге асырылады.

Мобильді салмақ кешендерінің санын көбейту туралы шешім қабылданды.

«ҚазАвтоЖолмен» бірлесіп Қонаев қаласына кіре берісте автоматтандырылған жүйені орнату мәселесін пысықтап жатырмыз, бұл шаралар салмақ параметрлерін бақылаудың тиімділігін бірнеше есе арттырады.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде көліктік бақылау инспекциясымен салмақ параметрлерін сақтамағаны үшін 22 мың тасымалдаушы әкімшілік жауаптылыққа тартылды, оларға 6 млрд теңге айыппұл салынды.

Сондай-ақ, автокөліктің артық салмақпен шығуына мүмкіндік беретін кәсіпорындар да назарда. Жоғарыда аталған кезеңде 363 субъект жауапкершілікке тартылды.

Бұл жұмыс жалғасуда.

 

 Бас көлік прокуратурасы