Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары мемлекет меншігіне 1 триллион теңгеден астам қаражатты қайтарды.
Бұл қаражат мектептер, ауруханалар, спорттық және басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына бағытталуда.
Көлік саласында 40 миллиард теңгеден астам сомаға 6 ірі жоба іске асырылуда. Олардың үшеуі аяқталды.
Осындай жобалардың бірі – Павлодар әуежайын қайта жаңарту. Әуежайдың жағдайы ұзақ уақыт бойы өңірдің әуе қатынасын шектеп келген.
Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен ұшу-қону жолағын қайта жаңарту аяқталды.
Енді әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 200-ден 300 жолаушыға дейін артты.
Оң өзгерістер Арқалықта да орын алды.
30 жылдан астам уақыт бойы қала мен маңайдағы аудандардың тұрғындары тұрақты әуе қатынасына қол жеткізе алмаған.
Ағымдағы жылғы 22 тамызда қайтарылған активтер есебінен жаңа терминал құрылысы мен әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылғы 1 маусымда жыл сайын мыңдаған тұрғындар мен туристер пайдаланатын Балқаш әуежайы пайдалануға берілді.
Әуежайларды жаңарту – бұл тек жаңа ғимараттар мен ұшу жолақтары ғана емес. Ең алдымен, ұшу қауіпсіздігі, ыңғайлы әуе қатынасы және өңірлерді дамытудың жаңа мүмкіндіктері.
Осылайша, қайтарылған активтер нақты қолданыс тауып, азаматтардың игілігіне жұмыс істеуде.
Бас көлік прокуратурасы көлік саласындағы жобалардың заңды іске асырылуын және мемлекеттік қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылауды жалғастыруда.
Бас көлік прокуратурасы