Балқашта мемлекетке қайтарылған активтер есебінен әуежайды реконструкциялау жұмыстары аяқталды

Балқашта мемлекетке қайтарылған активтер есебінен әуежайды реконструкциялау жұмыстары аяқталды

Балқаш қаласында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылған әуежайды реконструкциялау жұмыстары аяқталды.

Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекетке қайтарылған активтерді өңірлік инфрақұрылымды дамытуға және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға бағыттау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылды. 

Реконструкция нәтижесінде әуежайдың  инфрақұрылымы жаңғыртылып, ұшу қауіпсіздігінің деңгейі арттырылды, сондай-ақ жолаушыларға қызмет көрсету үшін қолайлы жағдайлар жасалды.

Әуежай ашылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін 85 рейс орындалып, 10 681 жолаушы тасымалданды.

Қала тұрғындары мен қонақтары әуе қатынасының қайта жандандыруын, әуежайдың заманауи келбетін және қызмет көрсету сапасының жақсаруын оң бағалауда.

Әуежайды реконструкциялау Балқаштың көлік қолжетімділігін арттыруға, туризм мен өңір экономикасының дамуына қосымша мүмкіндік жасауға ықпал етті.

ас көлік прокуратурасы