Қазақстан бойынша жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін сатқан заңсыз схеманың ұйымдастырушысы ұсталды

Қазақстан бойынша жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін сатқан заңсыз схеманың ұйымдастырушысы ұсталды

Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (МТНБ) заңсыз дайындау және тарату схемасының жолын кесті.

Алматыда жүйелі түрде жалған мемлекеттік нөмірлерді дайындаумен және сатумен айналысқан заңсыз әрекеттің ұйымдастырушысы ұсталды. Тергеу мәліметтері бойынша, жалған нөмірлер Ресей Федерациясынан экспресс-жеткізу қызметі арқылы жеткізіліп, кейін Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі тапсырыс берушілерге жіберіліп отырған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтау бойынша ары қарай тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Бас көлік прокуратурасы жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалану қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді. Мұндай құқық бұзушылықтар жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бас көлік прокуратурасы