Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау көлік прокуратурасының үнемі бақылауында.
Ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында бизнеске негізсіз қысым жасау фактілері анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша төрт лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Атап айтқанда, Павлодар облысында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» – «ЖТ Павлодар бөлімі» ЖШС филиалы мен «СВХ Екібастұз» ЖШС «Ертіс Агро» СҚК-нің жүк тиелген вагондарын заңсыз ұстап, инвестордың қызметін тоқтатты. Павлодар көлік прокуратурасының араласуынан кейін шектеулер алынып тасталып, кінәлілер ҚР ӘҚБтК 173-бабымен жауапкершілікке тартылды.
«Майқапшағай» кеден бекетінде де осындай бұзушылық анықталды, онда отандық тауар өндіруші «Format Mach Company» ЖШС-не өз өнімін кеден органдарының кінәсінен 20 күннен астам уақыт бойы шығара алмады. Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасының қадағалау актілерінің негізінде шектеулер жойылып, кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көлік прокуратурасы баса айтады: бизнеске кез келген қысым жасау әрекеттерінің алды алынады, ал кінәлілер заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Бас көлік прокуратурасы